O’Zera No sugar - Қант қосылмаған шоколад!
Қант қосылмаған шоколад! Әр кесекте пайда мен ләззат
Дұрыс және теңдестірілген тамақтанудың әлемдік трендін ұстана отырып, KDV компаниясы калориясы төмен дәмді жаңа өнімді – қант қосылмаған O’Zera No sugar ащы шоколадын шығарды.
Спорт пен салауатты өмір салты, әрине, өте танмымал болып келеді, алайда шоколадтан енді бас тартудың қажеті жоқ. O’Zera No sugar – көмірсулар мен калориялар өте аз дәмді және пайдалы десерт.
Қант қосылмаған ащы шоколадтың рецепті ерекше. Салауатты өмір салтын және теңгерімді тамақтану жүйесіне мінсіз үйлесетін өнімдерді таңдап алатын ең кірпияз аудиторияның сұранысы ескеріле отырып әзірленген.
- Какао құрамы 55% плиталы шоколадқа қарағанда, жаңа шоколадта көмірсулар бес есе кем.
- O’Zera No sugar желісінде қантты алмастыру үшін қос пребиотиктен – инулин мен олигофруктозадан тұратын тұратын комбинация пайдаланылған. Бұл ас қорыту жүйесіне оң әсер ететін шашыратқа тамырынан дайындалған табиғи талшықтар.
Инулин мен олигофруктоза төмен гликемиялық индекске ие, бұл салауатты өмір салтын ұстанушылар үшін де, диабеттік тамақтануды ұстанатындар үшін де KDV жаңа өнімін атап көрсетеді.
- Ащы шоколад үйреншікті сүйкімді тәтті болуы үшін, қанттың орнына жаңа өнімнің құрамына нөлдік калориялы стевия табиғи өсімдік тәттілендіргіші қосылды. Стевияның тәттілігі қантқа қарағанда бірнеше есе қарқынды болғандықтан, соңғы өнімде оның мөлшері барынша төмен.
Оқуға, жұмысқа, жаттығуға барарда, баланы мектепке шығарып саларда, сөмкеге O’Zera No sugar салып қойыңыз – сіздің сүйікті шоколадыңыздан ләззат алуға мүмкіндік беретін және дұрыс тамақтану жүйесіне сәйкес келетін керемет тәтті тағам.
Екі түрде ұсынылған қант қосылмаған шоколад желісі:
(55% апельсин майы мен стевия сығындысы қосылған ащы шоколад).
(55% үгілген кешью, үгітілген орман жаңғағы мен стевия сығындысы қосылған ащы шоколад).